Accessibility links

Петропавлдық телефон террорисі бас бостандығынан айырылды


Петропавл қалалық соты 2008 жылғы 25-қазан күні «Елім-ай» кафесіне жарылғыш зат қойылды деп телефон арқылы жалған ақпарат берген Сергей Нецулякты бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Петропавл қалалық сотының төрағасы Серікжан Ғабдулин ҚР қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша айыпталып отырған сотталушыдан төтенше жағдайлар қызметіне келтірген материалдық шығынды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG