Accessibility links

Иран өкілі Болгарияға сапарын кейінге қалдырды


Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафари Софияға сапарын кейінге қалдырды. Есірткі тасымалымен айналысқаны үшін бір болгариялық азамат Иранда өлім жазасына кесілуі мүмкін. Живко Русев есімді азаматтың тағдырына байланысты Софияда келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланған болатын. Қыркүйек айында Иранның Табриз қаласына жақын жерде Русевтің жүк машинасынан 135 килограмм есірткі табылып, ол қамауға алынған еді.

Хабарларға қарағанда, Иранда есірткі тасымалымен айналысты деген айып бойынша жылына ондаған адам дарға асылады.
XS
SM
MD
LG