Accessibility links

Өнер шеберлері Германиядағы Қазақстан жылын салтанатпен ашпақ


Бүгін Германияның Берлин қаласында Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сағат 16.00-де басталатын шара аясында Концертхаустың үлкен залында қазақстандық өнер шеберлерінің концерті өтеді.

Отандық және әлемдік музыканың ең озық үлгілері таныстырылатын концерттік бағдарламаға Айгүл Үлкенбаева, Гүлзия Стамбек, Эльмира Ахмедиярова, Бекболат Тілеухан, Айман Мұсақожаева, Әлібек Дінішев, Қайыржан Жолдыбаев, Майра Мұхамедқызы, Гүлзат Дәуірбаева, Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықбаев, Жаннат Бақтай және Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының ұжымы қатысады.

XS
SM
MD
LG