Қырғызстан мемлекеттік кеден комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік аймақ бойынша кеден қызметкерлері қазақ-қырғыз шекарасына жақын орналасқан Камышановка ауылында 28 тонна контрабандалық бидай тиелген КамАЗ көлігін ұстап алған.
28 жастағы көлік жүргізушісі қырғызстандық азамат бидайды Қазақстаннан әкеле жатқанын және құжаттарының түгел рәсімделгенін айтқан. Аталған іс бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде.