Accessibility links

АҚШ пен Ресей тығыз әріптестік орнатпақшы


Бұл жөнінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның америкалық әріптесі Хиллари Клинтон сейсенбідегі телефон әңгімесі барысында келісті. Стратегиялық диалог пен экономикалық әріптестік сияқты қос жақты байланыстарды күшейтудің маңыздылығына тараптар тоқталып өтті. Сондай-ақ әңгіме барысында Ауғанстандағы жағдай сияқты халықаралық сауалдар да талқыланды.

Тараптар байланысы тамыздағы Ресей-Грузия жанжалынан кейін нашарлап кеткен болатын. Ол байланыстар Барак Обаманың президенттігі тұсында жаңа белестерге көтеріледі деген үміт айтылған болатын.


XS
SM
MD
LG