Accessibility links

Психиатрия орталығының қызметкерлері басшыларын айыптауда


КТК телеарнасының хабарлауынша, Алматыдағы Республикалық психиатрия орталығының қызметкерлері орталықтың басшыларының немқұрайдылығын айыптап отыр. Олар орталықтың іші толған былық-шылық деп отыр. Ал орталық басшылығы клиникада олқылықтардың барын, әсіресе шағымданушылар жұмыс істейтін бөлімдерде кемшіліктің көп екенін айтуда.

Мәселен ауыр қылмыс жасағандар ұсталатын сот-психиатрия бөліміндегі психикалық ауытқушылыққа қарсы сараптан өткізу барысында бейнекамера ірі көлемдегі есірткімен қолға түскен күдіктінің қашып кеткенін түсіріп қалған. Ол қашып кетпес бұрын кезекші мейіркештер естерінен танып қалған.

«Біздің шайымызға бір нәрсе қосып берген, содан кейін өзімізді нашар сезіндік. Ал енді сол күні екі қылмыскердің қашып кеткені үшін бізді айыптап отыр. Бірақ бізде камераның кілті жоқ, күзетке де біз бұйрық бере алмаймыз», — дейді аталған бөлімнің мейіркеші Азия Төлекова.

Орталықтың директоры Сағат Алтынбеков шешілмеген мәселелердің барын жасырмайды. Қымбат құрылғылар бар, олардың тілін білетін мамандар жоқ, кейде дәрігерлер дұрыс ем қолданбайды, диагноз қоюдан қателеседі. Ал бір кезде қауіпті қылмыскерлерді босатып жіберген күзетшілер ІІМ қызметкерлері болатын. Сол үшін бейнекамера сатып алдық. Қазір кінәлілердің бәрі жазаларын алды, — дейді директор.



XS
SM
MD
LG