Accessibility links

Қырғызстан АҚШ-тың базасын жаппақ, ол үшін Ресей несие бермек


Қырғызстан үкіметі Американың Манастағы әскери әуе күштерінің базасын пайдалануды тоқтатуға шешім шығарды. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөзден кейін хабарлаған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев жақында бұл шешімді ресми түрде мәлімдейтінін айтты.
Өз кезегінде Ресей президенті Дмитрий Медведев Ресейдің Қырғызстанға 2 миллиард доллар несие беріп, 150 миллион доллар қайтарымсыз көмек беретінін мәлімдеді.
АҚШ-тың Қырғызстандағы әуе базасы 2001 жылдың желтоқсан айында БҰҰ мандатымен ашылған болатын. Қазір «Манастағы» әуе базасында АҚШ-тың мыңнан аса әскери қызметкері мен әскери ұшақтары бар.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG