Accessibility links

Теңгенің курсы жөніндегі пікірлер бір тоқтамға келе алар емес


ҚР Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов халыққа қолда бар долларларын сатуға кеңес берді. Өйткені, оның айтуынша, таяу уақытта теңгенің курсы көтерілмек. Сондай-ақ теңге курсының төмендеуіне негіз жоқ. «Егер бүгін теңгенің долларға шаққандағы курсы 144 болып тұрса, ертең қайтып орнына келеді», — деді ол.
Ал Ұлттық банк 4-ақпаннан бастап бір доллар үшін 120 теңге деңгейіндегі айқын емес дәлізде ұстап тұруды доғарады. «Ұлттық валютаның айырбастау курсына жаңа деңгей белгілеу қажет деп санаймыз. Теңгенің долларға шаққандағы курсы 150 теңге деңгейінде сақталады, 3 пайыз немесе 5 теңге көлемінде ғана ауытқу болуы мүмкін. Ұлттық банк теңгенің эмитенті болып табылатындықтан, егер алыпсатарлармен күреске қажет болса, онда біз нарықта теңгеге зәрулік жасап, курсты бекіте аламыз. Өткен аптада осылай жасадық. Өткен аптаның бейсенбі және жұма күндері Ұлттық банктің кірісуінсіз курс бекітілді. Және мұндай жағдайды біз кез келген уақытта жасай аламыз», — деді Григорий Марченко.

XS
SM
MD
LG