Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, АҚШ долларының Қазақстан теңгесіне шаққандағы бағасы соңғы бес жылда алғаш рет шарықтау шегіне жетті. Таңертеңгі саудада 1 долларға 143,98 теңгеден келсе, кешкі биржада теңгенің долларға қатысты бағамы 149,50 теңге болды. Күннің қорытындысы бойынша теңгенің девальвациясы 21,5 пайыз деп бағаланды.
«Өткен күнгі курстағы өзгеріс КАSE тарихында екінші рет болып отыр. Алғаш рет 38,5 пайыздық шарықтау 1999 жылдың 6-сәуіріндегі еркін айырбас курсына өткен кезде болған еді», — делінген KASE хабарламасында.