ҚР парламент сенатының депутаттары 9-19 ақпан аралығында аймақтарға жұмыс сапарларымен барып, халыққа үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын түсіндірмек, — деп мәлім етті палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Сапардың мақсаты — дағдарысқа қарсы бағдарлама аясындағы ел экономикасын тұрақтандыруға бағытталған үкіметтік шаралар мен парламент қабылдаған заңдарды халыққа кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ депутаттар жергілікті органдардың тапсырылған міндеттерді қалай жүзеге асырып отырғандықтарын бақылайды», — деді сенат төрағасы.