Accessibility links

БҰҰ басшысы климаттың өзгеруіне жол бермеуге шақырды


New Delhi-де, ақпанның 5-і күні басталған үш күндік конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлем елдерін қоршаған ортаны қорғауға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Барлық мемлекеттер алдағы желтоқсанда, Копенгагенде болатын конференцияда ауаға бөлінетін көмір қышқыл газының көлемін азайтуға бағытталған келісімге қол жеткізуге мейлінше ұмтылуы тиіс деді бас хатшы. Ол келісім 2012 жылы мерзімі аяқталатын Киото қаттамасының орынын басатын болады.
XS
SM
MD
LG