Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов теңгенің девальвациясы кезінде тұтыну өнімдерінің бағасын көтеріп, халық арасында дүрбелең туғызушыларға шара қолданатынын айтты.
«Осы уақыт ішінде дүкендері мен қоймаларын жауып тастап, дүрбелеңді әдейі ұйымдастырғандардың есінде болсын, бұл азаматтарға өз кәсіптерін қайтадан қалпына келтіру қиынға түседі. Сондай-ақ заттардың бағасын шарықтату мен алыпсатарлық та қадағаланады», — деп мәлімдеді қала әкімі қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне арналған кеңесте.