Accessibility links

Қазақстанның кей аймақтарында боран болады


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның кей аймақтарында боран болып, күшті дауыл соғады деп күтілуде.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында боран болып, секундына 25 - 30 метр күшті дауыл соғады. Астанада да боран соғып, батыстан секундына 17 -22 метр жел соғады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының да кей жерлерінде күшті дауыл болады, ал Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады.
XS
SM
MD
LG