Accessibility links

Павлодарда қымбатшылық басталды


Бұл туралы хабарлаған «Қазақстан Бүгін» агенттігінің мәліметінше, Павлодарда азық-түлік өнімдерінің кей түрлері, құрылыс материалдары мен автокөліктердің бағасы көтерілген.

Агенттіктің ақпаратынша, қаладағы ірі автосалондарда жаңа көліктердің бағасы 30%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ құрылыс материалдары мен тұрмыстық техникалар және дәрі-дәрмек бағасы да 20 - 30% -ға көтеріліпті.

Қымбатшылық азық-түлік саудасына да жетіп, 105 теңге тұратын қант 120 теңгеге, 260 теңгеден сатылатын тауық еті 360 теңгеге, 80 теңге тұратын қарақұмық жармасы 90 теңгеден сатыла бастапты. Сатушылардың айтуынша, тауар жеткізушілер алдағы уақытта басқа да азық-түлік өнімдерінің қымбаттайтынын ескертіпті.

Облыс әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев құзырлы орындарға бағаның көтерілуі мен алыпсатарлыққа қатысты қатаң бақылау орнатуды тапсырды.

Павлодардың ақша айырбастау пункттерінде сатып алу мен сату АҚШ доллары үшін- 140/155 теңге, еуро - 165/195 теңге болды.
XS
SM
MD
LG