Accessibility links

Пәкістанда талибандар екі адамды атып тастады


Талибан содырлары Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тайпалы аймағында американың тыңшысы деп екі адамды атып өлтірді. Бұл аймақтың қауіпсіздік ресмилері Саид Ахмад Ханның айтуынша, бұл оқиға Солтүстік Вазиристанның әл-Қаида мен талибан бүлікшілерінің бақылауында делінген Мираншах қаласында орын алды. Қаза тапқан екі адамның мәйіті жұма күні таңертең табылып, олардың кеудесіне “олар американың тыңшысы болғаны үшін өлтірілді” деп жазылған.

2001 жылы Ауғанстанға АҚШ бастаған күштер енген кезде Пәкістанның солтүстігіне қашып шыққан жүздеген талибан мен әл-қаидалықтар бұл аймақта қақтығыстар жасап келеді.
XS
SM
MD
LG