Accessibility links

Х. Клинтон Ресеймен жақын байланыс орнатқысы келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің Ресеймен көбірек құрылымдық әрі жақын байланыс құруға үміт артатынын айтты. Оның ішінде Иран мәселесінде түсіністік болса деген ойын жеткізді. АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Ресей президентімен кездесіп, тараптар екі елдің өзара байланыстарын жақсартуға келіскен.

Соңғы жылдары Құрама Штаттардың Ресеймен қарым-қатынасы АҚШ-тың Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс орнату жоспары мен өткен тамыз айында Ресейдің Грузиямен қақтығысына қатысты нашарлап кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG