Accessibility links

Д. Медведев экономикалық дағдарысқа қатысты ескерту жасады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев елдегі қауіпсіздік мекемелеріне экономикалық дағдарысқа байланысты туындаған қандайда бір тәртіпсіздіктерге дайын болуға нұсқау берді. Қауіпсіздік қызметтерінің басшыларын жинап алған Медведев елдегі жұмыссыздық пен басқа да әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Ресей президенті қауіпсіздік күштері көрші елдерден келген заңсыз еңбек мигранттарының қылмысына қарсы тұруы үшін көп нәрсе жасауы тиіс деген. Медведев сондай-ақ Ресейдің алдында "жүйелі қауіп-қатер" тұр деп айтып, Солтүстік Кавказдағы қақтығыстарға назар аудартқан.
XS
SM
MD
LG