Accessibility links

Пәкістан соты ғалым Абдул Қадирді босатты


Бүгін Пәкістанның Жоғарғы соты осыдан бес жыл бұрын үй қамауына алынған ядролық ғалым Абдул Қадир Ханның босатылатынын жариялады. Ол ядролық заттарды заңсыз жасағаны үшін айыпталған. Елдің ядролық бомба жасаушысы 72 жасар Ханды пәкістандықтардың көбі батыр ретінде қабылдайды.
2004 жылы ол Иран, Либия және Солтүстік Кореяға ядролық құпияларды сатқанын теледидар арқылы мойындаған.
Сол кездегі президент Первез Мушарраф үкіметі оған рахымшылық жасап, бірақ үй қамауында қалдырған.
XS
SM
MD
LG