Accessibility links

Талибан польшалық тұтқынның басы кесілді деп айтты


Бүгін талибандар өткен жылы Пәкістанда ұрланған поляк инженері өлтірілгенін хабарлап отыр. Пиотр Станчакті қыркүйектің 28-де Пәкістанның солтүстігінде бір қарулы топ ұстап әкетіп, оның екі жүргізушісі мен оққағарын сол жерде өлтірген болатын. Станчак ол жерде польшалық энергетикалық компанияда қызмет етіп жүрген.

Талибандар Станчактың өлімі туралы Польша премьер министрі журналистерге талибандарға ешқандайда құн ақы төленбейді деген бірнеше сағаттан соң хабарлады.

Исламабадттағы Польша елшілігі Станчактың өлімін растай алмай отыр.
XS
SM
MD
LG