Accessibility links

Жапон премьер министрі Ресеймен даулы аймақ мәселесін шешуге сөз берді


Сенбі күні Жапония премьер министрі Таро Асо өзінің Ресей президентімен кездесуі алдында Ресей Федерациясымен даулы аймақтар мәселесін шешуге уәде берді. Бұл туралы Таро Асо аралдарды қайтаруды талап етіп жылына бір өтетін үкіметтік жиында айтты.
Жапония 1945 жылы Совет әскері басып алған оңтүстік Курил аралдарындағы төрт аралды қайтарып алғысы келеді.
Сонымен осы айдың аяғында президент Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында даулы жер мәселесін шешуге күш салам деп отыр жапон премьер министрі.
XS
SM
MD
LG