Accessibility links

Қазақстан парламентінде болашақта 2 партия болмақ


Қазақстан президенті ел парламентінде кемінде екі партияның болуына кепілдік беретін заңға қол қойды. Қазіргі заңдарға сәйкес, кез келген партия парламенттегі орынға қол жеткізуі үшін кемінде 7 пайыз дауысқа ие болуы тиіс. Бірақ жаңа заң бойынша енді сайлауларда екінші болып жеңіске жеткен кез келген партия әлгі межеден өтпесе де, парламенттегі орындарға қол жеткізетін болады.

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болады. Оның алдында ауторитарлық президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның демократиялық жағдайын жақсартуға ұмтылуда. 2007 жылғы сайлауларда Назарбаевтың партиясы парламенттегі барлық орындарды иеленген болатын. Келесі сайлаулар 2012 жылы өтеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG