Accessibility links

АҚШ өкілі Пәкістанға барады


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук дүйсенбі күні Исламабадқа барады. Үшкүндік сапары барысында Холбрук Пәкістан ресмилерімен кездесіп, аймақтағы экстремизммен күрес стратегиясын талқылайды.

Демалыс күндері Мюнхенде өткен халықаралық қауіпсіздік конференциясында Холбрук Ираққа қарағанда Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату әлде қайда қиын болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселеге көмектесу үшін Ауғанстанның көршілерін араластыру керек.
XS
SM
MD
LG