Accessibility links

Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінен тест тапсырмақ


ҚР парламенті баспасөз қызметінің ақпаратынша, мәжіліс аппаратының мемлекетік қызметкерлері 11-ақпаннан бастап мемлекеттік тіл білімі бойынша сынақ тестінен өтеді.

«Мәжіліс аппаратының жұмысында мемлекеттік тіл қолданысының аясын кеңейту мақсатында ақпараттық технология мен жаңа тәсілдерді кіргізе отырып тіл үйренудің кешенді техникасы жасалды. Бұл мақсатта ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Ш. Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді дамыту әдістемелік орталығының қызметін пайдалануға рұқсат етілді», — делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG