Қазақстандағы мемлекеттік фирмалар мен банктер басшыларының айлығы үкімет басшысының айлығынан жоғары болмауы тиіс. Осылай деп өз веб блогында мәлімдеген Кәрім Мәсімов өз айлығының 700 мың теңге, яғни 4700 доллар көлемінде екенін жазып отыр. Мұның өзі қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде тиімді қадам болады деді ол. Сарапшылардың айтуынша, бұл ұсыныстар тез арада жүзеге асатын сыңайлы.