Accessibility links

Өскемен мен Павлодар мектептерінде сабақ тоқтатылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Өскемен мен Павлодарда ауа температурасының 30 градусқа төмендеуіне байланысты мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылған.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты жергілікті БАҚ-тар арқылы таратты. Сондай-ақ қар көшкіні қауіпінің туындауына байланысты Тау Үлбісі жолын жауып, тұрғындарға қала сыртына шықпауды ескертті.

ТЖМ мәліметінше Қазақстанның көптеген аумақтарында суық антициклон ықпалы байқалады.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG