Қауіпсіздік кеңесі елдің жікшілдік аймағы-Абхазиядағы бақылаушылар қызметін тағы төрт айға созу жөніндегі қарар жобасын осы аптада мақұлдауы тиіс. Қазіргі мандат уақыты ақпанның 15-де өтеді. Қарарды дауысқа салу қарсаңында Абхазия Сыртқы істер министрі Сергей Шамба егер Абхазияны тәуелсіз мемлекет деп есептемесе, онда БҰҰ-ның бақылаушылары аймаққа жіберлімейді деді. Грузия болса, ел территориясының тұтастығына нұқсан келтіретін бақылаушылар тобын Грузияға келтірмейміз деп отыр.