Accessibility links

Парламент қабылдаған заңды Конституциялық кеңес кері қайтарды


«ҚР Конституциялық кеңесі «Діни сенім бостандығы мен діни ұйымдар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Қазақстан Конституциясына сай емес деп тапты», — деп мәлімдеді Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.

Парламент қабылдаған бұл заңды мемлекет басшысы Конституциялық кеңестің қарауына тексеріп, сараптау үшін жіберген. Алайда Конституциялық кеңес бұл заң 4 позиция бойынша Конституцияға сәйкес емес деп отыр. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді және осыған байланысты шағымдану негізсіз болып саналады.
XS
SM
MD
LG