Accessibility links

Израилде үкімет жасақтау туралы келіссөздер басталды


Парламент сайлауынан кейін Израилде жаңа үкімет жасақтау туралы келіссөздер басталды. Сайлауда жеңіске жеткен «Кадима» центристік партиясының жетекшісі Ципи Ливни «Наш дом Израиль» құқықтық радикалдық басшысы Авигдор Либерманмен кездесті. «Кадимадан» сәл кейін қалған «Ликуд» құқықтық партиясының басшысы Беньямин Нетанияху «ШАС» діни партиясының жетекшісі Эли Ишаймен келіссөздер жүргізді.

Есеп қорытындысы бойынша 99 пайыз дауыс алған «Кадима» Кнессеттегі 120 мандаттың 28 –ін, ал «Ликуд» 27-ін иеленбек. Келесі аптада президент Шимон Перес партия жетекшілерімен жаңа үкімет басшысын сайлау туралы кеңеспек, содан кейін Ципи Ливни мен Беньямину Нетанияхудың екеуінің біріне коалициялық кабинетті жасақтау тапсырылады.

XS
SM
MD
LG