ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев екі заңға қол қойды. Алғашқысы — «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ұзақ мерзімді тату көршілігі, достығы мен ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң.
Мемлекет басшысы қол қойған екінші құжат — «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң. Бұл заң бойынша қазақстандықтар елдегі өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау әрекеттері нәтижесіз болған жағдайда БҰҰ-на шағымдана алады.