Accessibility links

Журналистің жұмыстан шығып қалуын анықтау министрден сұралады


Журналистер қауымы, құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлері Оралдағы «ТДК 42» телеарнасының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровтың жұмыстан босатылуына байланысты жағдайды анықтауды сұрап, ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атына ашық хат жариялады.

Лұқпан Ахмедияров Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке әлеуметтік нысандар құрылысын салуда бюджет қаржысын игеруге әкімнің туыстарының араласу мүмкіндігі туралы сұрақ қойғаны үшін жұмыстан шығарылған болатын.

«Журналист қоғамның пікірін айтады және халықты алаңдатқан сұраққа жауап іздейді. Ал барлық шендегі шенеуніктер журналистердің алдында ашық болуы керек, өйткені олардың барлық іс-әрекеті журналистер назарынан тыс қалмайды», — делінген хатта.

Журналистер қауымы Мұхтар Құл-Мұхаммедті министр ретінде «өз әріптестеріне ықпал етеді және оларға журналистермен қарым-қатынастың шегінен шығудың мемлекеттің, үкіметтің және парламенттің имиджіне нұқсан келтіретінін түсіндіре алады» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG