Ирақ полициясының хабарлауынша, Бағдадтан 80 шақырымдай жердегі Кербалада жол бойына қойылған бомба жарылысынан діни мерекеге қатысушы 5 шиит қажысы қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Шииттердің 7-ші ғасырдағы Мохаммед пайғамбардың немересі Имам Хуссейннің өлімінен кейінгі 40 күннің аяқталуын атап өтетін діни шарасы кезінде шииттерге осындай шабуылдар жиі жасалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Оспан батырды тергеген Жағда Бабалықұлының сұхбаты және Хасен Оралтай