ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республика аумағында ислам банкингі жүйесін ендіруге бағытталған «Ислам банктері қызметінің мәселесі мен исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер» енгізу туралы Заңға қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігі (АФН) төрағасының орынбасары Мұрат Байсыновтың айтуынша, «исламдық қаржыландыру ұстанымы негізінде жұмыс істейтін қаржылық ұйымдар әлемдік дағдарыстың әсерін қатты сезіне қойған жоқ. Және ислам банктері шариғат тәртібімен жұмыс істейді, яғни оларға үстеме ақы алуға, сондай-ақ ішімдік, темекі, есірткі заттарын шығару мен порноиндустрия, ойын бизнесі сияқты салаларды қаржыландыруға тиым салынған. Банктер несиені үстеме ақысыз береді, бірақ кәсіпкерлерге тиесілі табысқа ортақтасады».
Сондай-ақ қабылданған заң Қазақстандағы дәстүрлі банктердің ислам банктерінің операцияларын жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді.