Accessibility links

«Жас қазақтың» сайты ашылды


«Жас қазақ» ұлттық апталығының www.jasqazaq.kz атты сайты ашылды. Енді газет оқырмандары өздерін қызықтырған материалдарды осы сайттан оқи алады. Бұл туралы Азаттыққа басылымның жауапты хатшысы Асхат Еркімбай мәлімет берді.

«Барлық саланың жаңа медиатехнологияға көшіп жатқанын білесіздер. «Жас қазақтың» оқырмандары тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де көп, солар үшін және газетіміз бара бермейтін шалғай аймақтардың оқырмандарын интернет арқылы қамту мақсатында сайтымызды ашып, сол арқылы аудиториямызды кеңейтуді көздеп отырмыз. Интернет аталатын қосымша құралды «Жас қазақ» көтеретін ұлттық мәселелерді насихаттаудың тиімді жолы ретінде пайдалануды да мақсат тұттық. Бұл сайтты жасауда үлкен шешімдер қолданған жоқпыз, өте қарапайым нұсқада жасадық, әлі толықтыра түсеміз, әзірге мақала орнатып, пікір қалдыруға рұқсат беріп отырмыз, бірақ пікірлер модерацияланады. Газет туралы жалпы мағлұмат та бердік, алдағы уақытта Еуропа қазақтарының ұлттық мәселелерге қатысты ойларын білу мақсатында және оларға ыңғайлылық тудыру үшін сайттың латын тіліндегі нұсқасын енгіземіз», — деді А.Еркімбай.
XS
SM
MD
LG