Accessibility links

Ирақта шийт зияраттарына қарсы қастандықтар жалғасты


Ирақ полициясы хабарлағандай, Ирақтағы шийт зияратшыларының жолында жанпидашыл әйел іске асырған қастандықтың салдарынан кем дегенде 30 адам мерт болып, тағы талай кісі жараланды.
Бұл қастандық Ирақ шийттерінің қасиетті қаласы - Кербала қаласында өтетін діни шараның қарсаңында, Искандарияда болды.
Өткен бейсенбі күні Кербала қаласында бомба жарылысынан кем дегенде 8 адам қаза тапқан болатын. Бұл қастандық зияратшылардың жолында қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылдануы қарамастан іске асырылды.
XS
SM
MD
LG