Accessibility links

Ресей: Ингушетияда өлтірілген бүлікшілер болды


Ресейдің Федералды Қауіпсіздік қызметі сенбі күні таратқан мәлімдемеде өлтірілген бүлікші топ Ингушетия билігіне қарсы жанкештілік шабуыл жасамақ болғандар деп айтылды. Ресейдің ақпарат агенттіктері бейсенбі күні полиция құрсауына түскен содырлар 200 килограмм болатын жарылғыш затты орнатайын деп жатқан деп отыр. Олардың қақтығысы президент Дмитрий Медведев қараша айында мұсылмандар басым тұратын Ингушетия еліндегі күшейе түскен көтерілісті тыныштандыруға тырысқан шараларынан соң болып отыр. Медведев онда танымал емес үкімет басшысын ауыстырып оның орнына әскери қолбасшы Юнус-Бек Евкуровты тағайындаған болатын.
XS
SM
MD
LG