Accessibility links

Х. Клинтон Пхеньянға бейбіт келісім ұсынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон егер Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатса, жақсы байланыстар мен қаржылай қолдау көрсететін бейбіт келісім ұсынады. Ол бұл туралы Вашингтонда өзінің алдағы аптада Жапония, Индонезия, Оңтүстік Корея және Қытайға сапары алдында айтып отыр. Осы Азия елдеріне сапары кезіндегі кездесулерде Клинтон ханым Пхеньянның ядролық бағдарламасын тоқтату жолдарын қарастыратын болады. Хиллари Клинтон сондай-ақ Солтүстік Корея ұзақ қашықтықтағы зымыран сынағына дайындалып жатыр деген хабарлардан соң, Пхеньян арандатушылық әрекеттерге бармайтын болар деген үмітін жеткізді.
XS
SM
MD
LG