Accessibility links

Үндістанда әулие Валентин күніне қарсы 6 адам ұсталды


Бүгін Үндістан полициясы католиктердің әулие Валентин күнін тойлаушыларға қарсы шабуылдаушы үнділік 6 адамды қамауға алды. Олар Үндістанның махаббат монументі Тадж-Махал маңына жиналған жұптардың шаштарын қиып, оларға қарсы шабуылдаған. Бұл арада тағы бір топ Үндістанның Кашмир жағында мейманхана іздеген қыз бен жігіттерді іздеп, дүкендердегі валентин суреті бар карталардың көзін құртқан.
Үндістанда махаббат көріністері қоғамда оғаш қылық болып саналады. Бұл елде көшеде қол ұстасып, құшақтасып, сүйісу сияқты тыйым салынған әрекеттер Батыстың мәдениетімен бүгінгі жастардың арасында әдетке айнала бастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG