Accessibility links

Израиль: Газа Шалитті қайтармаса бітім жасалмайды


Израиль Хамас Израиль жауынгерін босатпаса, Газамен бітімгершілік келісімі жасалмайды деп айтты. Израиль премьер министрі Эхуд Олмерт сенбі күні бұл талап айтылған мәлімдемені таратып отыр. Израилдің бір ай бұрынғы соғысынан кейін Мысырдың арағайындығымен жасалған Израиль мен Хамас арасында атысты ұзақ мерзімге тоқтату келісімі жүріп жатыр. Бұл келісім тоқтауы мүмкін деген әңгімелер айтылуда. Алайда Олмерттің кеңсесі келісімге 2006 жылдан бері Газада ұсталып отырған израилдік сарбаз Гилад Шалитті енгізу қажет деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG