Құрама Штаттардың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша жаңа елшісі Ричард Холбрук Ауғанстанға сапарын аяқтады. Холбрук Кабулдағы келіссөздерінен кейін Ауған президенті Хамид Қарзаймен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Қарзай Вашингтонмен қарым-қатынасымыз кернеулі болып тұр деді. АҚШ президенті Барак Обама Қарзай үкіметін өз халқынан тым алшақ тұр деп айыптаған. Жақын күндері Барак Обама Ауғанстанға талибан бүлікшілерімен күресуге қосымша 25 мың әскер жібере ме, жоқ па соны шешетін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?