Accessibility links

АҚШ БҰҰ-ның расизм конференциясын жоспарлауға атсалысады


АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі БҰҰ-ның нәсілшілдік шектеу туралы алда өтетін конференциясын жоспарлау жиындарына қатысатындығын айтуда. Израиль Құрама Штаттар мен еуропалық елдерді осы жылғы конференцияға қатыспауға шақырып отыр.

2001 жылы өткен осындай конференцияда Палестинада еврей мемлекетін құру қозғалысы сионизмді расизммен тең қойып, салыстырғанына наразылық білдіріп, АҚШ пен Израиль өкілдері конференциядан шығып кеткен. Құрама Штаттар сәуір айында Швейцарияда өтетін осы жылғы конференцияға өздерінің қатысатын, қатыспайтындары жайлы кейінірек шешетін болады.
XS
SM
MD
LG