Accessibility links

Кеншілер жалақысының азаюы еңбек дауына ұласуы мүмкін


Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кеншілерінің «Қорғау» кәсіподақ ұйымы кеншілер жалақысын азайту туралы басшылықтың бұйрығына қарсылық танытуда, — деп хабарлады «Қорғау» кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Миргоязов.

«Ұжымдық келісімге сәйкес, 1-қаңтардан бастап жалақы көлемі ұлғаюы тиіс болатын, бұған компанияның қаржысы жетеді, өнімді долларға сататындықтан теңгенің деваьвациясы кезінде жақсы пайда түсірді, ал кеншілер жалақысы теңгемен төленеді. Осыған байланысты біз компания басшылығынан аталған бұйрықты тоқтатуды сұрап хат жаздық, алдағы күндері келісім үстеліне отыруды жоспарлаудамыз. Егер келісімде ымыраға келе алмасақ, еңбек дауына кірісеміз», — деді М. Миргоязов.
XS
SM
MD
LG