Accessibility links

Рамазан Есіргепов абақтыдан ашық хат жазды


Тараз қаласындағы тергеу изоляторында отырған «Алма-ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов ашық хат жазды. Бас редактордың өз қолымен жазылған ашық хат аталған басылымның редакциясына келген. Бұл ақпаратты Азаттық радиосына «Алма-ата инфо» газетінің тілшісі Владимир Воевод растап берді.

Ашық хат иесі ҚР ҰҚК-нің өзіне қатысты таратқан ақпараттарының жалғандығын айтады.

«Дауысты да, қолтаңбаны да, ақша мен суретті де қолдан жасауға болады, бірақ адамның жанын жасау қолдан келмейді. Рейдерліктің классикалық түрін әшкерелегенім үшін мен түрмеде отырсам да ел алдында еңсем биік. Сондай-ақ мен «Біздің елімізді кім басқарып отыр — Президент пе, әлде ҰҚК ме?» деген материалды қайтадан жариялар едім», — делінген хат мәтінінде.
XS
SM
MD
LG