Accessibility links

Венесуэла: У.Чавес президент болып шектеусіз сайлана алады


Венесуэла президенті Уго Чавес бір адамның қатарынан екіден артық президент болып сайлануына тыйым салатын шектеуді жою мәселесі бойынша жексенбі күні болып өткен референдумда жеңіске жеттті.
Дүйсенбі күні Каракаста Ұлттық сайлау комиссиясының төрағасы Тибисай Лусена мәлімдегендей, дауыстарды есептеу аяқталып қалғанда, сайлаушылардың 54 пайыздан астамы конституцияға тиесілі өзгерістер енгізу мәселесін қолдағаны анықталды.
Бұл жеңіс – президент тағындағы мерзімі 2013 жылы аяқталатын У.Чавеске қайта сайлануға мүмкіндік береді. Әзірше ол билік басында 10 жыл отыр. Венесуэла оппозициясы референдумның қорытындысы елді диктатураға жетелуі мүмкін деп алаңдайды.
XS
SM
MD
LG