Accessibility links

Пәкістанның Малаканд аумағында шариғат заңы орнатылады


Пәкістанның солтүстік-батысындағы шекара аймағының билігі ауған шекарасы бойындағы Малаканд ауданында шариғат заңдары орнатылады деп мәлімдеді.
Жергілікті биліктің өкілдері мен Суат жазығында үкімет әскеріне қарсы шайқасқан Талибан көсемдері бүгін – дүйсенбіде осындай келісімге келгендерін жариялады. Тәліптер осы келісімнің алдында жексенбі күні 10 күндік бітім жариялады.
Одан бұрын ресми Вашингтон Пәкістан үкіметін экстремистермен бітімге келді деп айытады. Өз кезегінде ресми Исламабад аталған аймақта тек қарудың күшімен бітім орнату мүмкін емес деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG