Бітіспес “ХАМАС” және “Хезболла” топтарының өкілдері Таяу Шығыс проблемасы бойынша халықаралық Мәскеу конференциясына шақырылмайды.
Мәскеуде Израильдің Ликуд партиясының серкесі Беньямин Нетаньяхумен өткізген келіссөзінен кейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу форумына да АҚШ-тың Аннаполис қаласындағы конференцияға қатысқан елдер шақырылады.
Конференцияның уақыты әзірше белгісіз. Оның уақыты Израильдің жаңа үкіметі жасақталып болғанда мәлім болады.