Accessibility links

Қазақстан экономикасына дағдарыстың әсері қандай?


Бұл мәселені талқылауға арналған Қазақстандық қор биржасына қатысушылардың ІІІ конгресі Алматыда бүгін басталады. Конференцияны Cbonds компаниясы ұйымдастырып отыр, — деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған конференция «қаржы рыногына қатысушыларды бір алаңға жинап, олардың өзара тәжірибемен, инвестициялық идеяларымен бөлісуге және рыноктағы бағыттарын нақтылап алуына мүмкіндік беру мақсатында өткізілгелі отыр».

Жиынға құнды қағаз нарығының кәсіби қатысушылары, Қазақстан мен Ресей инвесторлары және эмитенттері сияқты 120-150 адам шақырылған.
XS
SM
MD
LG