Accessibility links

Қайта қаржыландыру туралы жарлық шығарылды


Қазақстан үкіметі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы жарлық шығарды. Жарлыққа сәйкес шешім бүгін өткен үкімет отырысында қабылданды.

«Келіскеніміздей ақша аптаның аяғында банктерге түсуі тиіс, бұл тұрғыда сұрақ та көп туындайды. Сондықтан 1 наурыздан бастап банктер қайта қаржыландыруды жүзеге асыра алатындай болуы керек. Бүгінгі күндері енді жүзеге асуға тиіс механизмдердің бәрі бізде жүзеге асты. Құрылыс компаниялары тұрғысынан белгіленген бағамен «Самұрық-Қазына» арқылы, еркін баға бойынша — екінші деңгейлі банктермен бірге және үшінші механизм жалға алу арқылы», — деді Кәрім Мәсімов.
XS
SM
MD
LG