20 ақпанда Нью-Дели қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Азия Кеңесінің кезекті Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысы өтеді, — деп хабарлайды ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.
Ресми өкілдің мәліметінше, жиынның күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында Азия Кеңесінің 5 өлшемдеріндегі: экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру және әскери-саяси аясындағы сенім шараларын іске асыру, сондай-ақ Азия Кеңесінің шеңберінде 2009 жылы Азиялық өңірлік және кіші өңірлік ұйымдары мен форумдарының конференциясын және 2010 жылы Азия Кеңесі-ЕҚЫҰ бірлескен форумы сияқты халықаралық іс-шараларды өткізу мәселелерін қарастыру жоспарланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV