Accessibility links

Режиссер Ермек Тұрсынов соққыға жығылды


Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде өткен қалалық футбол біріншілігінен шыққан 49 жастағы режиссер Ермек Тұрсыновты көлігінің жанында белгісіз төрт адам соққыға жыққан.

Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген Ермектің досы Александр Вовнянконың айтуынша, режиссердің өзі бұл жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Соққыдан кейін Қалқамандағы ауруханаға барып, құлағының кесілген жерін тіккізген Ермек ауруханадан шығып, қазір үйінде ем қабылдауда. Сондай-ақ Ермек Тұрсынов бұл соққының жақында ғана жабық жағдайда премьерасы өткен «Келін» фильмінің төңірегіндегі келіспеушілікке қатысы жоқ деп отыр.
XS
SM
MD
LG