Accessibility links

Пәкістанның Ауғанстанға жақын ауданында ислам заңы орнауы мүмкін


Пәкістанның солтүстік-батысына бітіспес діни көсем Суфи Мухаммад Талибан қозғалысының қадағалауына қарайтын Суат жазығында жүздеген үзеңгілесінің шеруін ұйымдастырды. “Бейбітшілік шеруі” деп талған бұл шараның мақсаты – тәліптерді тыныштық орнаған жағдайда осы ауданға ислам құқын, яғни шариғат заңын орнатуға уәде берген Пәкістан үкіметімен берік бітімге келуге көндіру болды.
АҚШ пен НАТО альянсы Пәкістан үкіметінің бұл уәдесін өткір сынға алды. Олардың мәлімдеуінше, ресми Исламабад өзінің осы уәдесін орындаған күнде, Ауғанстанмен шекаралас әлгі аудан экстремистердің қауіпсіз панасына айналады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG